$ 494.87  520.65  4.91

«Өз елінің патриоты» теңге орнына рубльді енгізу керектігін айтты

Оқырманның жадында болса, біз бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ортақ валютаға қатысты сөз қозғағанбыз. Сол жолы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тележурналистермен сұхбатында айтылған жауапқа орай, ел арасын ұры иттей тіміскілеп жүрген пиғылдың жолы кесілетінгіне сенімді болғанбыз. Бірақ, олай болмай шықты...

Еліміздегі кәсіпкерлердің тәуелсіз көшбасшысы болып табылатын Талғат Акуов дейтін мырза салған жерден тағы бір шетін сөздің құлағын қылтитты. «Время» газетіне берген сұхбатында кәсіпкер «өз елінің партиоты екенін» мақтанышпен еске ала отырып, мемлекетті сақтап қалу үшін соңғы қадамға барудан қорықпау керектігін айтыпты. Акуовтың айтуынша, отандық қаржы нарығындағы шиеленіскен ахуал Ұлттық валютамен жұмыс істеуді де қиындатып жіберген. Айналсоқтап келгенде, Акуовтың «соңғы қадамы» - ортақ валютаның қажеттілігіне барып тіреледі. Талғат мырзаның табан астында қалған теңгеге қатысты құрметі шекіз болғанымен, Еуроаймақ елдерінің қаржылық дағдарысты еңсерудегі тәжірибесіне сүйене отырып, ЕАЭО шеңберінде де құнды қағаздардың бірізділігін қалыптастыруға қатысты ойлары бұлдырлау... Анығында, ол Кеден Одағы елдерін уысында ұстап отырған Ресей экономикасына қол артып, аймақтағы қуатты валюта ретінде рубльді көргісі келетінін ымдап ұқтырды!

Ия, Акуов таза есептің адамы! Қаржы-қаражатын үндемей құтқарып жатқандарға қарағанда ішкі қырындысының иісін ашық білдіргені үшін оны құрметтеуге де болар... Өйткені, жиған-тергенін офшорлық аймақтарда ұстайтын көптеген қазақтарға қарағанда бұл кісі шынымен патриот. Мүмкін, Акуов ақиқатында Қазақстан экономикасын құтқарудың жолын көрген щығар?.. Мүмкін, оған шынымен окуллистке көріну керек шығар, бізді қызықтыртыны ол емес, дуалы ауыздан шыққан сөздің қызуы басылмай жатып күңкілдің өршіп бергені...

Қалмаханбет Мұқаметқали

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары