$ 445.66  474.58  4.78

Каспий итбалықтары жойылып кетудің алдында тұр

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Геология және геофизика институты Каспий итбалықтарының мүлдем жойылып кетуі мүмкін екенін айтты деп жазады Trend.

Соңғы 120 жыл ішінде түрлі себептермен осынау су жануарларының саны 1 миллионнан 104 мыңға дейін азайып кеткен. 2008 жылдан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) итбалықтардың дәл осы түрін "Қызыл кітапқа" енгізген болатын.

Айта кету керек, соңғы 20 жылда Каспий итбалықтарының саны тура екі есеге қысқарды. Тоқсаныншы жылдардың соңында Каспий теңізінің әрбір екі шаршы шақырым аумағына 1 итбалықтан келетін. Қазір бұл аумақ 4 шаршы шақырымға ұлғайып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары