Қоғам 24.12.2015 сағат 04:15

5 жыл бойы Coca Cola ішкен қазақтың жағдайы мүшкіл (ВИДЕО)

Coca Cola сусынының ағзаға аса зиян екенін медицина саласының мамандары айтуындай-ақ айтып келеді. Алайда, неге екені белгісіз, оның дәміне үйренгендер аталған сусыннан бас тарта алмай қалады. Тіпті, спирттік ішімдікке салынған секілді, күнделікті Coca Cola ішпесе тұра алмайтын адамдар да бар екен. Солардың бірі Қазақстанда тұрады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жуырда әлеуметтік желілер арқылы 5 жыл бойы тоқтаусыз Coca Cola ішкен қазақ жігітінің жағдайы туралы бейнеролик жарияланды. Өзін Ержан деп таныстырған азаматтың денсаулығы мүшкіл. Ол бес жыл аталған сусынды шығаратын компанияда жұмыс істегенін айтады. Cola-ны күніне үш реттен ішіпті.

"Алғашқы екі жылдан кейін тістерім түгел ойылып, ойдым-ойдым болып қалды. Бірақ, неден екенін білген жоқпын. Кейін бесінші жылы миыма ісік шықты. Басыма операция жасады, 5 жыл бойы Cola ішкенмін, сүйектерім жұмсарып қалған, операциядан шыққаннан кейін тез семіріп кеттім, арты артрозға айналды. Буындарым жоқ десе де болады, желініп кеткен" дейді науқас жан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар