$ 447.4  477.55  4.76

У-шуға шыдамаған Ақтау тұрғыны ауладағы орындықтарды кесіп тастады (ВИДЕО)

3 шағынаудандағы 12-ші үйдің тұрғындары өзара ұрысып қалды. Тұрғындардың біреуі өз кіреберісінде орналасқан үш бірдей орындықты кесіп тастады, деп хабарлайды Лада.

Тұрғындардың сөзінше, көршінің мұндай қадамға баруы орындыққа кішкентай балалардың жиналып алып шулауы себеп болған. Яғни, балалар шулап мазасын алған соң осылай істеген.

― Бұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Біз үнемі тал отырғызып, кіреберістін алдын жинастырып, әдемілейміз. Ал ол болса енді ғана біздің үйге көшіп келген тұрғын. Мен өзім бірінші қабатта тұрамын, бірақ маған балалардың ойыны кедергі келтірмейді. Ал ол екінші қабатты тұрып алып, у-шуға ашуланады. Енді бізде бүкіл үйге бір ғана орындық қалды,― дейді 12 үйдің тұрғыны Ольга.

Тұрғындардың айтуынша, олар көршілерімен сөйлесуге барғанда, ол сөйлесудің орнына оларды қорқытып, бүкіл аулаға айқай шығарған.

― Ол бәрімізге айғайлап, өзінің полиция қызметкері екендігін, сондықтан барлығымызды түрмеге қамайтынын айтты. Мен жалғыз өзім бала өсіріп отырмын, менде өз балам, екі немерем бар. Сондықтан мен учаскелік полицияға баруға қорықтым, ― дейді сол үйдің тұрғыны Ғалия.

Полиция қызметкерінің жасаған қылығын тұрғындар ішінен қолдағандары да бар. Фотодағы арнайы формадағы ер адам, сол орындықтардың кесілгені дұрыс дейді. Оның айтуынша, онда ылғи нашақорлар мен алқаштар жиналып отырады екен.

Орындықтарды кесіп жүрген тұрғынға барғанда ол үйінде болмай, есікті жасөспірім ашты. Тұрғындардың орындықтарды не үшін кестіндер деген сұраққа ол «оған себеп болды» деп жауап беріп, есігін тарс жауып алды.

Маңғыстау облысының ІІБ-да бұл іске байланысты тергеу амалдарын жүргізуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары