$ 494.87  520.65  4.91

Астаналық полицей Қазақстанда демократияның жоқтығын айтты

Елордалық «Астана таңдауы» байқауының 2013 жылғы жеңімпазы, полиция офицері Мұрат Ширтаев «Инстаграмдағы» жеке парақшасында елімізде демократияның жоқ екенін айтты.

"Үлгілі" тәртіп сақшысы интернетке жүктеген өз суретінің астына оқырмандарына сес көрсеткенімен қоймай, Қазақстанда демократияның жоқ екенін айтқан. Оның пікірінше, қарапайым азаматтардың полицейлерді бейнекамераға түсіруі дұрыс емес. "Әркім өз ісімен айналысуы керек" дейді ол. Мәселе түсінікті болу үшін назарыңызға сол жазбалардың көшірмесін ұсынамыз.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық ІІБ-нің участкелік инспекторы болып қызмет істейтін М.Ширтаевтың «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасынан «Рэкетир» фильміндегі басты кейіпкер Аманның (қылмыскер) және италиялық «Өкіл әке» фильмі бас кейіпкерінің «қанатты сөздерін» ту ететінін аңғару қиын емес.

Айта кету керек, полицейдің осынау сөздері әлеуметтік желіде кеңінен талқыланғаны сол еді, Ширтаев Инстаграмм парақшасындағы жазбаларын түгел өшіріп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары