$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда емханада кезек күткен қария дәрігерге жете алмай көз жұмды

Қайғылы жағдай қалалық  №1  емханада орын алған. Куәгерлердің сөзінше, кезекте отырған қарияның жағдайы күрт нашарлап, ол дәрігерге кезексіз кіруді сұрапты. Дегенмен, алдында кезек күтіп отырған өзге адамдар оның өтінішіне құлақ аспаған. Салдарынан, араға аз уақыт салып зейнеткер оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды «Новости Казахстана» АА.

Қалалық емхананың бас дәрігері Светлана Кашенцованың айтуынша, 75 жастағы қария бірнеше ауруынан емделіп жүрген көрінеді.

«Ол біздің емханада жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, катарактамен ауырып, көзіне ота жасату үшін қажетті құжаттарды рәсімдеген», - дейді С.Кашенцова.

Оның сөзінше зейнеткер қайғылы оқиға болатын күні дәрігерге алдын-ала жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары