Қоғам 29.12.2019 сағат 03:52

Ақтаудағы сұлулық салонында ерлі-зайыпты мылқаулар жұмыс істейді (ВИДЕО)

Сұлулық салонына келген клиенттер шаштаразды тіс жармастан түсінеді. Олар өздеріне ұнаған шаш үлгісін ғаламтордан көрсетеді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтаудағы сұлулық салондарының бірінде ерлі-зайыпты мылқаулар жұмыс істейді. Бір айдың ішінде жаңа саланы меңгеріп, білім алған олар бүгінде өз ісінің шеберлері,-деп хабарлайды Астана арнасы. 

Сұлулық салонына келген клиенттер шаштаразды тіс жармастан түсінеді. Олар өздеріне ұнаған шаш үлгісін ғаламтордан көрсетеді. Осыдан кейін ұстарасын қолға алған Нұржан іске кіріседі. Бұрын суретшілікті кәсіп еткен жігіт шаштараздықтың қыр-сырымен осыдан бір ай бұрын танысыпты. Қазір өз ісінің шебері. Тіпті шашын қиғызу үшін Нұржанды әдейі іздеп келетіндер көбейген. Осыдан біраз бұрын отбасымен Ақтауға көшіп келген соң, жаңа кәсіпті меңгеріпті.

Нұржан БАЛТУРИН, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңаөзенде әйелім екеумізге жұмыс табу қиын болды. Сосын Ақтауға қоныс аударуды ойладық. Бәрі сәтті болды. «Еңбек» жобасы бойынша білім алдық. Қазір күніне кем дегенде 5 адамға қызмет көрсетеміз.

Ал ағаш қоршаудың ар жағында Нұржанның келіншегі Әсел кезекті клиентін әдемілеп, бояндырып жатыр. Бет әрлеу ісін меңгерген ол күні кеше жұмыссыз жүрген. Бүгінде адал еңбегімен нанын тауып тауып жүр. Нұржан екеуінің отасқандарына он жылдан асқан. Кейін ерлі-зайыптылар "Еңбек" жобасында бағын сынап көрді. Ал кураторы ерекше студенттерінің алғыр екенін айтып мақтады.

Құралай БАЙҒАЛИЕВА, ЖОБА КУРАТОРЫ: Олар өте бейім жандар. Басында тіл табысу қиын еді. Кейін біртіндеп үйренісіп кеттік. Екеуі де өте зейінді, өте алғыр. Әр сабаққа қуана қатысатын. Өйткені бұл - оларға берілген үлкен мүмкіндік. Мемлекет олардың тегін білім алып, кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашты.

Енді ерлі-зайыптылар грант алуды армандап жүр. Бұл ақшаға шаштараздың құрал-жабдықтары мен Әселге сапалы косметика сатып алмақ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар