$ 445.66  474.58  4.78

Ақтөбелік әйел пәтерін қоқысқа толтырған

Қоқысқа құмар әйел аядай бір бөлмелі пәтіріне бос бөтелке, қажетсіз заттар мен тамақ қалдықтарын үйіп тастаған. Көршілері 55 жастағы әйел адамның бұл қылығы 10 жылдан бері бар екенін айтады.
Фото: aktobenews.kz
Фото: aktobenews.kz

Ақтөбеде үйіне қоқыс жинайтын тұрғыннан көршілері зәбір көріп отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz порталы.

Қоқысқа құмар әйел аядай бір бөлмелі пәтіріне бос бөтелке, қажетсіз заттар мен тамақ қалдықтарын үйіп тастаған. Көршілері 55 жастағы әйел адамның бұл қылығы 10 жылдан бері бар екенін айтады. Ешкіммен сөйлеспейтін ол үйдегі ортақ әжетханаға да бармайды екен.  Жинаған қоқысы бір бөлмелі үйінің төбесіне жақындаған.

«Мен осы қоқыс болып жатқан үйдің астында тұрамын. Бірнеше рет төбемнен су ақты. Он жылдан бері осы үйде қиындық көп. Ақшасы төленбегендіктен үйінің жарығы мен жылуы ажыратылған. Ашық қалған есігінен үйілген қоқысты көріп шошыдым. Бірден полицияға арыз жаздым. Бұл масқара! Балаларымыз қаншама инфекцияны жұтып отыр. Шара қолданылсын»,- дейді тұрғын Гүлсім Имантаева.

Полиция қызметкерлерін көрген тұрғын үйін қоқыстан тазалауға уәде берді.

«Бүгін Мересьев көшесіндегі қоқыс толы үйді пәтер иелері кооперативінің адамдары тазартты. Ол әйел адамның өзі де бізге көмектесті. Алдағы уақытта терезесін алмастырып және жарығы мен жылуын қосып беру мәселесін қарастырып жатырмыз»,-дейді «SAZ» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қайрат Ахметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #қоқыс