$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы су құбырының жарылу себебі анықталды (ВИДЕО)

Оқиға орнына жедел аттанған бригаданың тексеруі барысында Uni Capital серіктестігінің «Астана су арнасымен» келіспей жұмыс істегендігі және диаметрі 500 мм-лік құбырдың зақымданғаны анықталған.

Елорданың сол жағалауында 2 тұрғын үйді сусыз қалдырған құбыр жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін «Астана су арнасы» кәсіпорны кеше кешкі сағат 17-20-да Бөкейхан көшесі бойында құбырдан су ағып жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлаған болатын.

Оқиға орнына жедел аттанған бригаданың тексеруі барысында Uni Capital серіктестігінің «Астана су арнасымен» келіспей жұмыс істегендігі және диаметрі 500 мм-лік құбырдың зақымданғаны анықталған. Соның салдарынан Бөкейхан көшесі 8, 10 үйлерге ауыз су беру тоқтатылып, су жеткізу ұйымдастырылған еді.

IKomek қызметі қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының толықтай аяқталғандығын хабарлады.

«Сембол компаниясының субмердігері Uni Capital серіктестігі Бөкейхан көшесінің бойында жаңа су құбырын төсеп жатып, диаметрі 500 мм-лік магистралды желіні зақымдаған. Жұмыс барысында темірбетонды тақта су құбырының үстіне құлаған», - деп түсіндіреді «Астана су арнасы» құбырдың жарылу себебін.

 

 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары