$ 443.35  475.54  4.82

Құлсарыда қаңтар айында жүргізілген көгалдандыру жұмыстары жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

Атырау облысының Құлсары қаласында көгалдандыру жұмыстарын қаңтар айында жүргізгендер жұртты таң қалдырды деп жазады Tengrinews.kz.

Бұталған шыршаларды қайта отырғызып жатқан жұмысшыларды жергілікті тұрғындардың бірі бейнекамераға түсіріп алған. Онда бірнеше адамның қатып қалған жерге алдымен жіңішке құбырды қағып кіргізіп, құбыр тесігіне шыршаларды қадап жатқаны байқалады.

Атырау облысының әкімдігі болса көгалдандыруға бір тиын да бөлмегендігін айтып отыр. Ал, шырша егу жұмыстарын жергілікті тұрғын Бекім Жайсанбаев жүргізіпті. Оның айтуынша, кәсіпкер Жаңа жыл қарсаңында шырша сатпақ болған екен. Алайда, тапсырыс берген ағаштарының бір бөлігі мерекеден кейін бір-ақ келіп, сатуға жарамай қалған. Осы қалып қойған 50 түп шыршаны қайда жіберерін білмеген Жайсанбаев амал жоқ, көше бойына егіп тастағанын айтады.

"Енді қалып қойған шыршаларды тасап жібермеймі ғой, әкімдікпен келістім, олар рұқсатын берді, жұмысшылард өз ақшама жалдадым да ағаштарды отырғызып тастадық, Ең болмаса 2 ай көшеге көрік беріп тұрсын" дейді кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары