$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында 7 жасар баланы зорлап өлтірген педофил іздестірілуде

Жамбыл облысында 7 жасар бала өз ауласындағы ағашта асылып тұрған жерінен табылды. Қандықол қылмыскер оны алдымен зорлап, азаптап өлтірген деп жазады KTK.

Жұрттың төбе шашын тік тұрғызған жағдай Тұрар Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында орын алған. 7 жастағы Ерасылдың анасы екінші некеде болғандықтан ол шешесімен бірге өгей әкесінің шаңырағында тұрған. Бақилық болған жеткіншектің нағашылары күйеу баланың үйінде ақыл-есінің кемістігі бар туған ағасының жүргенін айтады. Қайғыдан қан жұтқандар енді содан күдіктеніп отыр. 

Екінші сынып оқушысының өлі денесін ең бірінші кім көрді дегенге сан қилы жауаптар айтылуда. Анығы сол, табылған кезде оның іш киімі болмаған. Ал, күдікке ілінген 38 жастағы азамат бұрын психдиспансерге жатып шығыпты. Үш жыл бұрын шаңырақ көтергенімен қазір ажырасып кеткен екен. Бірақ күдіктінің анасы баласының азғындыққа барғанына сенбейді.

Зәуре Байтақова, Каменка ауылының тұрғыны:

- Ол он минутта баланың жұлынын үзіп, басына екі жерден гематома салып, зорлап, одан кейін қалай мынаған әкеп іліп қояды 10 минутта? Менің ойымша, малға келген біреулер болды ма, мына жерде неше түрлі алқаштар тұрады, мүмкін солар.

Зейнеткердің айтуынша, жантүршігерлік оқиғадан соң оның екі баласын күйеуімен қоса тәртіп сақшылары қамап тастаған. Бірақ, полицейлер бұл мәліметті жоққа шығарды. Тергеу құпиялығына байланысты оқиғаның жай-жапсары ашық айтылмай жатыр. Белгілісі, қылмыскер жеті жастағы баланы зорлап, тұншықтырып өлтірген. Оны азаптағаны сонша, мойын омыртқасы үзілген. Қазір сот-биолигиялық сараптама тағайындалып, екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қаныпезердің құрбаны болған жеткіншектің сүйегі өзінің туған әкесіне берілді. Әскери қызметтегі ол тағы бір мәрте шаңырақ көтерген. Ал, перзентінен айырылған 29 жастағы келіншек екі баласын ертіп төркініне көшіп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары