$ 444.22  476.38  4.82

ШҚО-да 15 адам H1N1 вирусын жұқтырған

Облыста "доңыз тұмауын" жұқтырғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасай отырып YK-news.kz сайты хабарлады.

Санитарлық дәріглердің сөзінше, 2010 жылы бүкіл әлем "доңыз тұмауы" деп атаған вирусты енді "маусымдық" ауру деп атаған жөн. Мамандар сөзінше облыстағы жағдай тұрақты. Себебі, биылғы жылы аталған вирусты жұқтырғандар саны 2015 жылға қарағанда әлдеқайда төмен. 

Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге барғанда медициналық маска киюге кеңес беріп отыр. 

Облыстық департамент дерегінше, өткен жылдың қазан айы мен қаңтар айы аралығында 44 мың адам медициналық көмекке мұқтаж болған. Олардың жартысынан көбі 14 жасқа толмаған балалар екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары