$ 441.66  475.14  4.86

Шымкент саудагерлеріне алданып қалмаңыз (ВИДЕО)

Шымкенттік тұрғын қала базарларының бірінде саудагерлердің сатып алушыларды қалай алдап жатқандығын бейнекамераға түсіріп, Интернет желісіне орналастырды.

Бейнетүсірілімді автор нақты қай базарда жүргізгенін көрсетпеген. "Сақ болыңыздар! Мұндай саудагерлерге алднып қалмас үшін базарға өз таразыңызды алып барғаныңыз жөн" дейді видео авторы Ғалымжан Көшербаев.

Аталған бейнероликте саудагердің "таразыдан жегенін" анық байқауға болады. Ол таразының бір ұшын аяғымен басып, өлшеуге қойылған тауарды барынша ауыр етіп көрсетеді. 

Ал, өзге сатушы жеміс-жидек салынған шелектің түбін қағазбен толтырып, сатып алушыларды тағы алдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары