$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жоғалып кеткен медуниверситет студентінің өлі денесі табылды

Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, марқұмның мәйіті 10 ақпан күні кешкі сағат 22:00 шамасында ІІД қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында табылған. Артынша осы іске қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына жабылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот сараптамасы тағайындалған.

Естеріңізге салайық, Астанадағы медициналық университеттің 6-курс студенті 3 ақпан күні кешкі сағат алтылар шамасында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа-Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы өз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары