$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында ірі шенеунік зейнеткерден алған қарызын қайтармай жүр

Ақмола облыстық мәслихатының аппарат жетекшісі емдік шөптен тігілген ішкиім сатып аламын деп ұятқа қалды. Әділхан Шаяхметов оны жергілікті зейнеткерден қарызға алып, ақысын әлі төлемей жүр деп жазады KTK. Аппарат жетекшісінен 400 мың теңгесін қайтара алмай ығыры шыққан қария ақыры шенеунік жиналыс өткізіп жатқан әкімдік ғимаратына келіп айқайға басты. 

Шенеуніктің қарызы жазылған қағаз сарғайып та кетіпті. Екі жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырған зейнеткерді мұндағылар жақсы таниды. Ал, соңғы кездері күзетшілер Әлия әжейді Әділхан Шаяхметовтің кабинетіне кіргізбей де қойған. Дардай қызметі бар шенеунік екінші топтағы мүгедектен қарызға өзіне, туысқандарына емдік ішкиім сатып алған екен. Қымбат ыдыс-аяқтарды да алыпты. Тіпті, қолхат та берді дейді зейнеткер. Бірақ сол күйі алажағын қайтара алмаған қария бүгін әкімдікте шу көтерді.

Ал, Мәслихат аппараты жетекшісінің мұндайды күтпегені анық. Алдағы сайлауға қатысты кеңес өткізіп жатқан Әділхан Шаяхметов жиынды сол жерден тоқтатып, кетіп қалды. 

Әлия әжейдің айтуынша, Мәслихат аппаратының жетекшісі бағасының қымбаттығына қарамастан ішкиімнен бірнешеуін алған. «Белді қызметі бар азаматтың уәдесіне сеніп берген едім» дейді әжей. Шенеуніктің өзі ішкиімді қарызға алғанынын растағанымен, кейін толық құтылдым деп өзіне шаң жуытпады.

Зейнеткердің айтуынша, шенеунік қолхатта ай сайын 20 мыңнан беріп отырамын деп, кейін төлем жасауын қойыпты. Қарызын өтеуден жалтарған соң қария мемлекеттік қызмет істері агенттігіне де барған. Енді тек сотқа жүгінбекші.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары