$ 498.34  519.72  4.85

Өзбек ағайындарға сенуге болады ма?

Оңтүстікте көктем шыға мақта алқаптарын суару науқаны басалады. Мұндағы диқандардың жыл сайынғы басауруы - осы суаруға қажетті судың тапшылығы. Жыл сайын Өзбекстан тарапы дарияның суын қысып, мақтаралдық шаруаларды тығырыққа тіреп қоятын жайы бар. Алайда, биыл ала тақиялы ағайындар көршілерімен суды бөлісе пайдалануға уәде беріп отыр. Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 15-отырысында мәлім болды деп жазады Otyrar.kz.

Бұған дейін мақтааралдық мамандар биыл қуаңшылық болуы мүмкін деп қауіптенген болатын. Егін науқаны қыза бастағанда Достық каналындағы су деңгейі едәуір азайып, тапшылық туындайтыны туралы дабыл да қақты.

Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасынан бастау алып, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері арқылы Қазақстанға келетін судың мөлшері тиісті деңгейінен төмендеп кеткен еді. Қазіргі таңда Достық каналымен секундына 13 мың текше метр су ағып жатыр.

Мамандардың есебінше, секундына 48 мың текше метр су аққанда ғана өңірдегі суармалы жерлерді толықтай тіршілік нәрімен қамтуға болады. Құрғақшылықтан қауіптенген құзырлылар қазір берісі облыс әкіміне, арысы ауыл шаруашылығы министріне хат жазып, ақыры келісімге келді.

Енді өзбек ағайындар уәдесінде тұрады ма, әлде жылдағы әдеті бойынша оңтүстік диқандарын судан қысады ма, оны уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары