$ 494.87  520.65  4.91

Матаевтың "қорғаушылары" тергеуде заңбұзушылықтардың орын алғанын айтуда

Бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында Сейітқазы Матаевты қорғау комитетінің мүшелері Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының Қазақстан журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Матаевтың ісін тергеу барысында заңды белден басып отырғандарын айтты. Бұл жайында "Орталық Азия жаңалықтар қызметі" мәлімдеп отыр.

Комитет құрамына "Әділ Сөз" халықаралық қорының жетекшісі Тамара Калеева, "Адам құқықтарының Хартиясы" қорының атқарушы редакторы Жеміс Тұрмағамбетова, "Ақ Жайық" медиа-холдингінің төрағасы Әбділдә Мұқашев, Матаевтың адвокаттары - Андрей Петров пен Мәдина Бакиевалар кіреді. Комитет өкілдері тергеушілердің жауап алуға шақырған БАҚ редакторларынан ештеңені жария етпеуді талап етулерін және Сейітқазы Матаевтың отбасы мүшелерін тергеуге әрекеттенгендерін заң бұзушылық деп санайды.

Матаевтың адвокаттары «қылмыстық іс материалдарын баспасөз бетінде жария қылғаны үшін» сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Талғат Татубаевты жауапқа тартуды сұрап прокуратураға шағымданған.

Адвокаттар 13 наурызда қылмыстық істі тергеу мерзімінің аяқталғанын, және қорғаушылар тарабына істі тергеуді созу туралы ешқандай құжаттың берілмегенін айтты. Қорғаушылардың дерегінше, өткен сенбіде тергеушілер қан қысымының жоғарылап, жағдайының нашарлағанын айтқан Матаевты тергеуге тырысқан.

Комитет сонымен бірге бундестагтың бұрынғы депутаты Виола фон Крамонның Сейітқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылмаса еуропалық делегацияның Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне бармауы мүмкін екені туралы мәлімдемесімен таныстырды. фон Крамон Deutche Welle арнасына берген сұхбатында осылай деген. Сонымен бірге 10 наурызда Еуропарламенттің 156 депутаты мен 7 фракциясы қол қойған Қазақстандағы сөз бостандығы туралы қарарын да еске салды. Еуропарламент Қазақстан билігін журналистерді қудалауды тоқтатуға, оның ішінде Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша заңсыздықтарды тыюға шақырды. Матаевты билік орындары мемлекет қаржысын қымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыптауда. 24 ақпаннан бері ол үй қамауында отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары