$ 498.34  519.72  4.85

Семейдің бір бөлігі су астында қалды

Толассыз жауған жаңбыр семейліктерді де әуре-сарсаңға салды. Оған еріген қар суы қосылып, жер үйлердің аулаларын су басып жатыр. Ұйқыны ұмытқан жұрт өз күштерімен бөгеттер орнатуға кіріскен деп жазады KTK.

Бүгінде оншақты үйдің ауласы судың астында қалды. Оның деңгейі 30 см-ге жеткен. Ал, көлшікке айналған көшелермен жаяу адам тұрмақ, көліктердің тұмсығы әрең көрініп, малтып жүр. Қызыл су қарқыны күшейген соң құтқарушылар да қауырт жұмысқа кірістік деп отыр. Қазір 20-ға жуық техника қала шетінде суды сорғызуда. Алайда синоптиктердің болжамы төтеншеліктердің жұмысын еш кетірейін деп тұр. Өйткені алдағы тәулік бойы жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары