$ 442.05  474.14  4.74

Шымкенттік полицейлер қашқынды қуамыз деп 13 жасар баланы қағып кетті

Оқиға 16 наурыз күні түнгі сағат он жарымдар шамасында орын алған. Жол ережесін бұзып, тәртіп сақшыларына бағынбай қашып кеткен көлікті қуып ұстамақ болған полицейлер 13 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Бұл жайында ОҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Жол ережесін бұзған «Лада Приора» көлігін жол сақшылары тоқтатып, хаттама толтырмақ болған екен. Алайда, полицейлердің "тоқта" деген бұйрығына құлақ аспаған Лада жүргізушісі жоғары жылдамдықпен қашып, қиылыстардың бірінде тізгінге ие бола алмай бағдаршам бағанасына барып соқтығысқан. 

Осы сәтте бағдаршам маңында тұрған 13 жастағы жасөспірім жүйіткіп келе жатқан көліктен қашпақ болып, жолдың орта тұсына қарай жүгіріп шығыпты. Оны полицейлер мінген көлік қағып түсірген. Тәртіп сақшылары балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу жедел жәрдем станциясын шақыртты. Алайда, осы сәтте «Лада Приораның» жүргізушісі қирап қалған көлігінен түсі, оқиғ орнынан қашып кеткен. Полицейлер оны сол күйі ұстай алған жоқ. Қазіргі таңда іздеу шаралары жалғасып жатыр дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары