$ 447.4  477.55  4.76

Парламент педофилдерді "піштіруге" рұқсат берді

Қазақстанда химиялық кастрация жүргізуге заң жүзінде рұқсат етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жайында бүгін Сенаттың кезекті отырысында мәлім болды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен қылмыстық атқару кодексіне өзгертулер енгізіліп жатыр, ол өзгерістер заң бұзушылықтың жауапкершілігіне және жазаны өтеу мерзіміне байланысты. Атап айтқанда, олар жыныстық тұрғыдағы қылмыстарға жазаны күшейтуге бағытталған. Мәселен, педофилдерді химиялық кастрациялау" деді ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің өкілі Төлеубек Мұқашев.

Айта кетейік, аталған өзгерістер "ҚР баланың құқықтарын қорғау туралы кейбір заңнамаларына өзгертулер мен түзету енгізу туралы" заңының талқылау аясында енгізілген. Парламент бұл заңды қабылдады.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова болса "піштіру" дегенді бірреттік салынатын екпе екенін түсіндіріп берді.

"Химиялық кастрация - бұл уақытша құбылыс, адамды зорлық жасауға болмайтынын ескерту. Бұл бірреттік екпе. Бұл дегеніңіз, айыптыға екпе егілді, одан кейін өмір бойы ол сол күйде қалып қояды дегенді білдірмейді. Мүлдем олай емес. Кастрация медициналық ұйымдардың сот шешімінен кейінгі рұқсатымен жүзеге асырады. Заңға өзгерту енгізу мәселесін ұзақ талқыладық. Егер біз осындай жолмен балаларымызды сақтап қала алсақ жаңа заң қолдауға тұрарлық. Біз балаларымызды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл мәселе тек жетім балаларға ғана қатысты емес, Қазақстандағы барлық балаға қатысты" деді Әйтімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары