$ 443.85  474.3  4.8

Астанада балалардың әділ сот жүйесі бойынша оқытушыларға арналған семинар-тренинг өтті

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы, Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, сонымен қатар, Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ұлттық ЖОО-ның ведомстволық білім беру мекемелерінің өкілдеріне және кәсіби мамандарға арналған Оқытушыларға арналған тренинг аяқталды.

 

Тренинг профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін арттыруға, бала құқықтары бойынша қазіргі уақытта оқытылып отырған пәндерді дамытуға және балаларға қатысты әділ сот бойынша арнайы дәрістерді енгузіге бағытталды.

Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) бірлескен «Әділ сот саласындағы кәсіби мамандардың әлеуетін арттыру және Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарға арналған пробация қызметінің үлгісін жасау» атты жобасының шеңберінде әділ сот саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту тренингтері топтамасы аясында өтіп жатыр.

Бас тренерлер ретінде БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің Вице-президенті Рената Винтер және кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы Ирина Урумова, сонымен қатар, ұлттық сарапшылар мен кеңесшілер шақырылды.

Әртүрлі білім беру мекемелерінің 40-тан астам оқытушылары жәбірленуші және қылмыс куәгері атанған балаларға қолдау көрсету және олардың құқықтарын қорғау мәселесін басты назарға ала отырып, заңмен қайшылықтағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар мен әдістемелер бойынша ақпарат алды. Қатысушылар, сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне және заңға қайшы әрекет жасаған балалармен жұмыс жасауға тартылатын тұлғаларға арналған стандартты әрекет ету рәсімдемелерін енгізу мәселелері бойынша озық тәжірибелермен, сонымен бірге, соттарда балаларға қатысты қолданылатын мейірімді әдістемелермен танысты. Оған қоса, қатысушылар Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты әділ сот жүйесі бойынша қолданыстағы жұмыстармен және тәжірибелермен бөлісті. Шара тек дәріс оқумен шектелмей, сондай-ақ, шығармашылық әдістер қолдануды талап ететін сарамандық бөлімдерді де қамтыды.

Тренинг барысында меңгерілген дағдылар әрі қарай студенттерге және қайта даярлау мен біліктілікті арттырудан өтіп жатқан мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне үйретілетін болады. Аталмыш шара өзара әрекеттесу бойынша жұмыс алаңын қалыптастырудан және аталған саладағы мамандардың дайындығына септесетін ұлттық

ЖОО-на және балалардың құқықтарын қорғау мен балаларға үшін әділ сот жүйесі жөніндегі ведомстволық білім беру мекемелеріне арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуден қисынды жалғасын табатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары