06.04.2016, 09:58

Ақмола облысының әбден ашыққан тұрғыны көршілерінің тамағын ұрлап істі болды

Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты төрт пәтерге ұрлана кіріп, азық-түлікті қолды еткен күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот отырысында барлық шығын өтелгендіктен, жәбірленушілер қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

Белгілі болғандай, сотталушы бірнеше күн бойы төрт азаматтың пәтеріне заңсыз кіріп, тамақ ұрлаған. С.есімді ер адам бұл қадамға аштықтан барғанын айтты.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің маманы Эльмира Әбілғазинаның сөзінше, ер адам келтірген шығынды толығымен өтегендіктен, сотта жәбірленушілер мен согтталушы қылмыстық істі тоқтату туралы талап-арыз ұсынды.

«Сот қаулысымен С.есімді азамат ҚР ҚК 188-бабы, 2-тармағы, 2,3 тармақшаларында қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - деп түсіндірді Әбілғазина.

Қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.