Шымкенттік тұрғындардың бірі қаладағы "түнгі көбелектердің" бірін әңгімеге тартып, жезөкшелік бизнесінің қалай жүріп жатқандығы жайында сұраған. Сұхбаттың камераға жазылып жатқанын білмеген бойжеткен ай сайын полиция өкіліне ақша өткізіп отыратынын мәлімдеді.
Жезөкшенің айтуынша, Шымкент темір жол вокзалының маңында жүзден астам жеңіл жүрісті қыз келушілерге қызмет көрсетеді екен. Айтуынша, сағаты - 3 000, бір түні - 10 000 теңге. Ал, тәртіп сақшылары тиіспес үшін олардың басшыларына ай сайын әр қайсысы 5 мың теңгеден өткізіп отыратын көрінеді.
Бейнеролик соңында түсірілім авторы ішкі істер органдарынан вокзал маңын жезөкшелерден тазартуды сұраған.
ЕСКЕРТУ: бейнероликте бейәдеп сөздер кездеседі