$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық жемқорлар жыл басынан бері қазынадан 3,6 млрд теңге ұрлаған

Ағымдағы жыл басталғалы бері қазақстандық шенеуніктер ел бюджетіне 3,6 млрд теңге шығын келтірген. Бұл туралы бүгін Астанадағы ОҚК алаңында Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департамент басшысы Есқали Саламатов мәлімдеді.

"Жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу тізіміне 1097 іс тіркелген, олардың 87 пайызы жемқорлық бабына қатысты қылмыстар. Заңсыздықтардың көбісі (38%) пара алу ретінде орын алған. Сондай-ақ, қызметін асыра пайдалану (4%) және жалған құжат әзірлеу (12%) сынды құқық бұзушылық түрлері де аз емес. Жемқорлық қылмысы бойынша ел қазынасына барлығы 3,6 млрд теңге шығын келген. Олардың 2 миллиард теңгесі кері қайтарылды. Сонымен қатар, шығынның орнын жабу үшін жауапты тұлғалардың 2,4 млрд теңгеге бағаланған мүліктеріне бұғат қойылды" деді Е.Саламатов журналистермен болған кездесу барысында.

Оның айтуынша, Қазақстан әлемдегі ең жемқор елдердің тізімінен әлі де болса шыға алар емес. Transparensy рейтингі бойынша биыл еліміз 123-орынды иеленсе, былтыр 126-сатыда болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары