$ 494.87  520.65  4.91

Семейдегі интернат директоры өз қызметкерінің педофил екенін бұрыннан білген

Кеше Өскемендегі абақтылардың бірінде 20 жылға сотталған педофилдің белгісіз жағдайда қайтыс болғандығын хабарлаған болатынбыз. Сотталушы бұған дейін қаладағы мектеп-интернатта педагог болып жұмыс істеген. 17 жыл бойы ол 12-14 жас аралығындағы тәрбиеленушілерді зорлап келген. Істі қараған прокурорлардың айтуынша, мұғалімнің педофил екенін интернат директоры және өзге де әріптестері бұған дейін білген көрінеді, бірақ шу шығармас үшін ешкімге айтпаған. Бұл туралы "Время" газетіне сұхбат берген прокурор Жанар Қанғожина мәлімдеп отыр.

"Біз бұл қылмысты ұзақ жылдар бойы жасырып келген барлық тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартамыз. Мұндай адамдардың қатары көп. Олардың арасында тәрбиешілер, дәрігерлер, психологтар да бар. Қазір біз тек жәбірленушілердің сөздеріне сүйеніп отырмыз. Бірақ, олар кішкентай болғандықтан тергеу амалдарымен тексеретін боламыз. Ал, қызметінен босатылған интернат директоры Серікбай Әбілқасымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әзірге өз ісіне салғырт қарағаны үшін қозғап отырмыз", - дейді Семей прокуроры.

Қанғожинаның айтуынша, мектеп-интернаттың қызметкерлері ұжымда педофилдің жұмыс істегенін жақсы білген. 

"Иә, ол жақсы білген. Білмеуі мүмкін емес. Оған балалар да, ересектер де келіп шағымданған. Өз арызында Фатима Құдашевна балаға қарсы қылмыс жасалғанын көрсеткенде Әбілқасымов мәселенің рас-өтірігін өзі шешкен, ал оның өзі шешуіне құқығы жоқ. Ол арызды полицияға тапсыруы тиіс еді. Бірақ, директор ешкімге хабар бермеген. Өйткені, ол үшін ең бастысы іштегі тыныштық болған. Оның үстіне, 2014 жылы алғаш рет қылмсытық іс қозғалған тұста психолог пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар балаларды полицейлерге ешнәрсе айтпауға көндіріп, нәтижесінде іс жабылып қалған", -  дейді Ж.Қанғожина.

Педофил Борис Сополевтің күдікті әрекеттерін әріптестері 2000 жылы байқаған. Негізгі арызданушы Фатима Ильчегулова оның оқушыны азғындап жатқаның үстінен түссе де, басшылық осынау қылмысқа көз жұма қарапты. Тіпті, жиналыстардың бірінде Фатима Құдашевнаның жазған арызын ұжым алдында дауыстап оқыған директор әйелді педофилден мәжбүрлеп кешірім де сұратқан. Шыдамы таусылған Ильчегулова 2014 жылы прокуратураға арызданады. Алайда, дәлелдің жоқтығын алға тартқан құқық қорғаушылар ол кезде қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Алайда, 2015 жылы интернат қызмкеткерін прокурорлар қайта шақырып, арызды басынан жазуды сұраған. Тек Жаңа жыл алдыгнда ғана Борис Сополев қамауға алынды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол 17 жыл ішінде 14 баланы зорлап келіпті. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында соттың осынау үкімі күшіне енген болатын. Алайда, сол күннің ертесіне 44 жастағы Сополевтің асылып қалған денесі уақытша ұстау абақтысынан табылды. Тәртіп сақшылары оның суицид жасағанын айтып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары