$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде дәретханаға тасталған сәбидің құтқарылғаны бейнекамераға жазылған (ВИДЕО)

Күні кеше Ақтөбе облысында тағы бір көкек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткені жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Шырылдап жатқан шарананы сол дәретхана орналасқан үйдің иесі тауып алған. Анасы оны босана салып, қапқа орап шұңқыр ішіне тастап кетіпті. Жергілікті "Рика-ТВ" телеарнасы осы құтқару операциясының бейнекадрларын жариялады.

Видеороликтен шақалақтың бірнеше минут бұрын туылғанын аңғаруға болады. Оның кіндігін оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қиған. Аудандық полиция бөлімінің мамандары болса жас ананың тура дәретхана жанында босанғанын анықтады. Әйел баланың кіндігін қолмен үзіп, оны қапқа орап, дәретхана шұңқырына тастай салыпты. 

Тастанды сәбидің қыз екені анықталып отыр. Оны мамандар облыстық перинаталды орталыққа жайғастырды. Жағдайы бірқалыпты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Ал, көкек ананы полиция қызметкерлері іздеп жатыр.

Баланың салмағы 3 келі 80 грамм, бойы 52 сантиметр. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео