Оңтүстікқазақстандық полицейлер бұған дейін іздеуде болған ОҚО әкімдігінің қызметкері Амангелді Ақыновты Қызылорда қаласынан табылғандығын мәлімдеді. Оның не себепті көрші облыс аумағына кетіп қалғаны әзірге айтылмай отыр.
Естеріңізге салайық, әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыс істеген А.Ақынов 11 мамыр күні қызмет орнынан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Ең алғаш болып оның туған ағасы Тұрар Ақынов Фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы өзінің бауырына іздеу салған болатын. 16 мамыр күні жоғалған жігітің әкесі полиция арызданған. Тәртіп сақшылары араға бір күн өтпей жатып 28 жастағы әкімдік қызметкерін Қызылорда қаласынан дін-аман тауыпты.
Informburo порталының жазуынша, Амангелді жоғалатын күні жұмыстағы әріптестерінен қарыз ақша сұраған. Кейін үйіне кеш келетіні туралы хабарлама жазып жіберіпті.