Былтыр 1 желтоқсанда Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің су жаңа музейі ашылған болатын. Ғимараты ескі демесеңіз мұндай музей біздің елде бұрын болмаған. Аты айтып тұрғандай, орталыққа негізінен әскери техникалар, осы саладағы жетістіктер туралы сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Ал, ғимарат алдында атқа мінген Қаңлы жауынгерінің ескерткіш-мүсіні бар.
Бір қарағанда көзге қарапайым мүсін болып көрінуі мүмкін. Ал, жақындап көрсеңіз атты жауынгердің түрі әйгілі қытай актері Джеки Чаннан аумай қалған. Мүсіннің астына оның Қаңлы жауынгері екені ғана жазылыпты, туындыны жасаған автордың аты-жөні көрсетілмеген.
Айта кетейік, қаңлылар біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда қазіргі Қазақ даласында пайда болған тайпа, кейін қуатты мемлекетке айналды.