$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да бойжеткенің жоғалуына қатысты "кісі өлтіру" дерегімен іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті 17 жастағы студент қыздың із-түссіз жоғалуына қатысты "кісі өлтіру" дерегімен қылмыстық іс қозғады. Бойжеткен 10 мамыр күні өзі тұратын Сарыағаш қаласынан Шымкентке таксимен шығып, діттеген жеріне сол күйі жете алмаған.

1998 жылы туған Айгерім Оспанбекова Шымкенттегі колледждердің бірінің студенті. Ол оқуына бару үшін Сарыағаштан таксиге отырып, облыс орталығына санаулы шақырымдар қалған кезде құрбыларымен WhatsApp желісі арқылы сөйлескен. Өз жазбасында таксидің бұзылғанын, жүргізушісінің әрекеті күдікті екенін мәлімдеген. Мұнан кейін оның ұялы телефоны сөндіріліпті.

Бүгін жүзден астам ерікті Сарыағаш пен Шымкент арасындағы көлік трассасының бойын шолып шықты. Алайда, ешқандай із тапқан жоқ. Айгерім мен такси жүргізушісінің жол бойында ұрысып тұрғанын сол маңдағы шопандардың бірі көрген екен. Тәртіп сақшылары одан да жауап алуда. Полицейлер көп ұзамай бұл қылмыстың бетін ашуға уәде беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары