$ 442.05  474.14  4.74

Астанада жаңа пантеон салуға 79 млрд теңге бөлінді

Аумағы 1000 гектарды құрайтын пантеон Астанаға іргелес жатқан Қабанбай батыр ауылында бой көтереді. Аталған елдімекен мұнан кейін Елорда аумағына қосылады деп жоспарланған. Жобаның құны 79 миллиард теңгені құрап отыр деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Астана әкімдігі жариялаған ең үздік эскиз-идея байқауын "Проектная академия "КазГор" ЖШС жеңіп алған. Елорда аумағына жаңа мазармен бірге барлығы 9 мың гектар территория қосылады деп күтілуде. Ал, пантеон орналасатын Қабанбай батыр ауылы қаладан 17 шақырым қашықтықта жатыр.

"Бүгінгі таңда қоғамдық кеңес өткізілді. Оң шешім қабылданды. 26 мамырда Астананың кезекті сессиясына ұсынамыз. Оның қорытындысы мақұлдану үшін Ақмола облысына жіберіледі. Бұл Астана қаласы әкімі мен мәслихаттың бірлескен шешімі" дейді Астана қаласы бойынша Жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің басшысы Шыңғыс Бектемір.

Пантеонға еліміздің танымал тұлғалары, мемлекет қайраткерлері, ғылым, мәдениет салаларының қайраткерлері, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтар жерленетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары