$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде 18 жастағы студент із-түссіз жоғалып кетті

Ақтөбеде 18 жастағы Нүркен Жарылқасын із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1998 жылғы студент жігіт 12 мамыр күні таңертең үйінен оқуына шығып, сол күйі оралмаған.

Нүркеннің бойы - 170 см, қара шашты, қоңыр көзді және орта денелі. Бұтында классикалық шалбар, үстінде жейде болған. Бозбаланы қазір полицейлермен бірге достары мен туыстары әлеуметтік желілер арқылы іздсеп жатыр.

Іздеу жұмыстарына волонтерлар да қосылды. "20 мамырға еріктілер қажет. Бізге адамдар жетіспеуде, қосылыңыздар. Жылы киініп алғандарыңыз дұрыс. Байланыс телефоны - 8775 645 9654", - делінген ерікті жандардың әлеуметтік желі арқылы таратқан хабарламасында.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, 17 мамыр күні іздеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда студенттің қай жерде екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары