$ 443.44  480.51  4.88

ОҚО-да жоғалып кеткен студент қыздың мәйіті табылды

Бойжеткеннің денесі 24 мамырға қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданынан табылған. Бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлап отыр. Марқұмның ауылдастарының айтуынша, қызды өлтірместен бұрын оған зорлық-зомбылық көрсетілген.

«Түнгі 12-де оның денесі табылды, зорланған. Бірақ, нақтысын сот-медициналық сараптама айтатын болады», - дейді Жаңатұрмыс ауылының биі Орынхан Жүнісов тілшілерге телефон арқылы берген сұхбатында.

Естеріңізге салайық, Айгерім Оспанбекова 10 мамыр күні Шымкенттегі өзі оқитын колледжге бару үшін Сарыағаштан таксиге отырған. Алайда, ол көздеген жеріне жете алмады. Жолай көліктерінің бұзылып тұрғанын, және жүргізушінің «біртүрлі» күдікті жігіт екенін айтып ол құрбыларына СМС-хабарлама жазған. Мұнан кейін ұялы телефоны сөніп қалыпты.

Бойжеткенді іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге жүздеген ерікті азамат қатысты. Қазіргі таңда басты күдікті ретінде такси жүргізушісіне іздеу салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары