$ 441.66  475.14  4.86

ОҚО-да студент қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Оңтүстікқазақстандық полицейлер 17 жастағы студент Айгерім Оспанбекованы өлтірді деген күдікпен 1990 жылғы ер азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Otyrar.kz мәлімдеп отыр.

Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбековтың айтуынша, марқұмның денесінде зорық-зомбылықтың белгілері болған. Тергеу жұмыстарының құпия түрде жүргізілуіне байланысты құқық қорғаушылар әзірге ешқандай мәлімет бермейтінін айтты.

Естеріңізге салайық, Айгерім Оспанбекова 10 мамыр күні жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыағаш ауданынан Шымкенттегі колледжге бару үшін таксиге отырған. Жолай көлігінің бұзылғанын айтып, құрбыларына СМС-хабарлама жазыпты. Мұнан кейін оның ұялы телефоны сөніп қалған.

Ал, араға екі апта салып, 24 мамырға қараған түні бойжеткеннің денесі Қазығұрт ауданынан табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары