$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте BMW 6 жасар баланы қағып өлтірді

Шымкенттің "Нұрсат" шағынауданында тағы да адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Бұл жолы BMW 525 маркалы көлік 6 жасар баланы қағып кеткен деп хабарлайды TVK.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі оқиғадан кейін дереу тоқтап, жарақат алған баланы ауруханаға өзі жеткізбек болыпты. Алайда, жәбірленуші сол жерде жан тапсырған. Қаралы хабарды сәбидің анасына көршілері жеткізді. Олардың сөзінше, көпқабатты үйлердің ауласынан үлкен жолға баланың өзі жүгіріп шыққан. Көлік иесі тежегішті басып үлгермеген көрінеді.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер қазіргі таңда істің мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, дәл осы "Нұрсат" шағынауданында жуырда ғана бір үйдің екі баласын көлік қағып өлтірген болатын. Сондай-ақ, сәуір айының соңында осы маңда 9 жасар бала жол көлік оқиғасының құрбаны болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың осынау қауіпті аймағында бағдаршам жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары