$ 441.66  475.14  4.86

Құрылыс компаниясын бетімен жіберген Шымкент басшылары облыс әкімінен ұрыс естіді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі №34 Ю.Гагарин атындағы қазақ-орыс мектебінде болып, ондағы құрылысы жүріп жатқан 150 орындық жаңа оқу корпусын көрді.

Аймақ басшысы мердігер мекеменің жұмысын қатты сынға алып, бұл ретте, қалалық құрылыс бөлімі мен білім бөлімінің және қалалық әкімдіктің тарапынан бақылаудың төмен екендігін жеткізді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, облыс әкімі жауапты сала мамандарына аталған құрылыс нысанын мерзімінде аяқтап, ондағы жұмыстарды апта сайын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, облыстағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан білім нысандарын қатаң қадағалауды жүктеді.

Еске салайық, аталған білім ошағындағы ауысым санын азайту үшін өткен 2015 жылы мектептің апатты бөлігі бұзылып, орнына жаңа ғимарат салу жұмыстары басталған болатын. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 692 млн. теңге қаржы бөлінген еді. Оған «Астана-Авто-Строй» ЖШС-і мердігер компания ретінде бекітілген. 150 орындық жаңа ғимаратта акт залы мен спорт залы, асхана және қазандық салу қарастырылған. Алайда, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын тиісті деңгейде атқармай, істі тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары