$ 444.22  476.38  4.82

Айгерім Оспанбекованы өлтірді деген күдіктінің аты-жөні белгілі болды

Бүкіл Оңтүстік Қазақстан болып екі апта іздеген студент Айгерім Оспанбекованы өлтірген такси жүргізушісі сот залына жеткізілді. Күдіктінің аты-жөні - Әлішер Арғынбаев. Ол өзіне тағылған кінәні толығымен мойындап отыр деп жазады KTK.

Естеріңізге салайық, Айгерім Оспанбекова Сарыағаш ауданындағы өзі тұратын ауылдан Шымкенттегі колледжге бару үшін таксиге отырған. Жолда көліктері бұзылып, бойжеткен құрбыларымен WhatsApp желісі арқылы сөйлесіпті. Желіде ол такси жүргізушісінің күдік тудырғанын, өзінің қорқып отырғанын жазған. Мұнан кейін оның телефоны сөніп қалыпты.

Араға тура екі апта салып Айгерімнің денесі Бағыс ауылының маңынан табылды. Қылмыскер оның кеудесіне темір тығып өлтіріпті. Мұнан кейін бір тәулік ішінде полицейлер күдіктіні де ұстады. Ол Сарыағаш ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын бұзақылығы үшін істі де болған екен. Кешегі сот отырысында судья оны тамызға дейін қамауға алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары