$ 494.87  520.65  4.91

Педофилдерге химиялық кастрация 2018 жылдан бастап қолданылады

Қазақстандағы педофилдерді химиялық кастрациямен жазалау 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов мәлімдеді.

«Қылмыстық істі тергеу барысында педофилдер сот-психиатриялық сараптамадан өткізілетін болады. Оның нәтижесінде сотталушының кішкентай балаға деген азғындық ниетінің бар-жоғы анықталады. Осы сараптама қорытындысына сәйкес сот айыпталушыға химиялық кастрация тағайындау мәселесін шешеді. Бұл норма 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ», - деп атап өтті Оспанов.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың наурызында бірқатар заң нормаларына түзетулер енгізіліп, балаларға қарсы жасалатын қылмыс түрлерінің жазасы күшейтілген болатын. Оның қатарында педофилдерді химиялық кастрациялау жазасы да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары