$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда мембағдарлама аясында салынған үйлердің барлығы қайта тексеріледі

Алматыда "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған "Алғабас" тұрғынүй кешенінің бір жағына қисайғанын кеше БАҚ өкілдері жарыса жазған еді. Ғимарат 32 сантиметрге шалқайып қалған. Осы жайттан кейін қала әкімі Бауыржан Байбек мембағдарлама аясында салынған үйлердің бәріне қайта тексеру жүргізуге тапсырма берді.

"Бұл жерде жобалаушы да, оған тексеру жүргізгендер де кінәлі. Қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Арнайы комиссия құрылды, нәтижелерін күтейік. Соған сәйкес әрекет жасаймыз. Үй 2014 жылы пайдалануға берілді. Құрылысшының кім екенін білеміз. Жағдай анықталған соң шара қолданатын боламыз. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің барлығы қайта тексерілетін болады. Қазір тексеру басталып та кетті", – дейді Б.Байбек журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, "Алғабас" тұрғынүй кешені 2 маусым күні бір жағына қарай қисайған болатын. Ондағы тұрғындардың барлығы дереу өзге жаққа көшірілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары