$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар және яхудилер терроризммен біріге күреспекші

Қазақстанның жетекші діни бірлестіктерінің басшылары экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі үндеуге қол қойды. Бұл туралы ҚР МСМ Дін істері жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының, Қазақстан Православ шіркеуінің, Рим-Католиктік шіркеуінің және Қазақстанның Иудей қауымдастығының басшылары қатысқан.

Қабылданған үндеуде экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұруға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, сонымен қатар, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға жұмылдырылған бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап көрсетілген.

«Біз, Қазақстанның жетекші діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына қолдау білдіре отырып, экстремизм мен терроризмнің кез-келген көріністері мен түрлерін үзілді-кесілді қабылдамаймыз, зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін діни тұрғыдан ақтау әрекеттерін айыптаймыз. Дін мен экстремизмнің үйлеспейтінін мәлімдейміз, жазықсыз адамдардың өліміне әкеп соғатын әлемнің түрлі аймақтарында орын алып жатқан қатыгез террористік әрекеттерге үлкен алаңдатушылық білдіреміз», - делінген аталған үндеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары