$ 494.87  520.65  4.91

Талғат Ермегияев соттағы соңғы сөзін айтты

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының 10,2 млрд теңгесін талан-таражға салды деп айыпталып жатқан компанияның экс-төрағасы Талғат Ермегияев бүгін соттағы соңғы сөзін айтты деп жазады informburo.kz.

"Кейбір адамдарға менің түрмеге жабылуым қажет болды... Адамдар менің істемегенімді істеді деп жатыр. Бірақ, олар мені "сындыра" алмайды. Мен өзім жасамаған қылмысты мойындай алмаймын және мойындамаймын да. Сот процесінің немен аяқталатынын біліп отырмын және кез-келген қорытындыға өзімді дайындадым. Бірақ, тергеумен келісімге бармаған осында отырған адамдар зардап шекпеуі тиіс", - деді Ермегияев өзінің соттағы соңғы сөзінде.

Естеріңізге салайық, кеше қос тараптың сөз таластыруы кезінде Ермегияев сенсациялық мәлімдеме жасаймын деп уәде берген болатын. Ол компания қаражатының ұрлануына қатысты жаңа деректермен бөлісетінін айтқан. Алайда, бүгінгі соңғы процестердің бірінде экс-төраға жаға ұстатарлық ешқандай мәлімдеме жасамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары