$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан сотталушылар саны жағынан әлемде 61-ші орында

Биыл Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 5 мың адам түрмеден босатылған. Ал, жазасы жеңілдеп, шартты түрде бостандыққа жіберілген сотталушылардың саны 15 пайызға артып отыр. Осылайша, түрмедегі сотталушылардың саны жағынан еліміз 61-ші орынға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2002 жылы сотталушылардың саны жағынан Қазақстан әлемдегі үшінші ел атанған екен. Аталған салада жүргізілген реформалардың нәтижесінде соңғы он жылда түзеу колониялары айтарлықтай босап қалған.

"Жылдың соңына дейін Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 6 түрменің көзі жойылады. Сотталушылардың санының күрт азаюына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігімен коммуналды-тұрмыстық жағдайы төмен мекемелер бұзылады. Жыл басынан бері 3 түрме жабылды", - деп атап өтті А.Сәдубаев.

Түрмелердің босауы ондағы тұрмыстық жағдайдың реттелуіне және сотталушылардың тарықпай өмір сүруіне алып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары