$ 494.87  520.65  4.91

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 155 мың теңгеден асты

Алматы қызметкерлерінің өмір сүру жағдайы жақсара түскен. Қазір бір адамның орташа айлық ақысы 155 мың теңгеден асты, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Мәселен, жарты жылда өнеркәсіптік өндіріс 1,6 пайызға артты. Үй шаруашылығын қоса есептегенде 276 миллиард 7 миллион теңге сома көлемінде өнім шығарылған. Мемлекет тарапынан жасалған қолдаулардың көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік деңгейі жоғарылады. Жыл басынан бері бірнеше мың жаңа өнеркәсіп жұмыс істеуде. Бұл ― ел бойынша жоғарғы көрсеткіш.

«Қалтасы қалың жұмысшылардың қатарында сақтандыру мекемесінде қызмет қылып жүрген азаматтар да бар. Бұл қызметкерлер шаһар бойынша ең жоғары жалақымен мұртын майлап отыр. Анықталғандай, айлықтары 280 мың теңгеден жоғары. Ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау сала мамандары 97 мың теңгені місе тұтады. Жалпы Алматыда маңдай терімен тапқан тұрғындардың нәпақасы артты. Қазір бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 8,7 пайызға өсті. Мамыр айындағы көрсеткіш бойынша, жалақы 155 мың теңгенің ар жақ, бер жағы», делінген телеарна сюжетінде.

― Қала экономикасында 761 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылу деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа қарағанда 94,3 пайызға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында еркектердің саны 362 мың адам, әйелдердің саны 399 мың адам құрады. Жұмыссыздардың саны 46 мың, Жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайыз, ― деді Алматы қаласының статистика департаменті басқармасының бас маманы Азамат Ботабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары