$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан адам дамуы индекcінің деңгейі жоғары елдер қатарында

Қазақстан адам дамуы индексінің деңгейі жоғары елдер тобында, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

«2012-2013 жылдардың қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы өткен жылдағыдай тұрақты 70-ші орында. Категориялар бойынша елдерді жіктеу бойынша Қазақстан АДИ деңгейі жоғары елдер тобына енеді», делінген хабарламада.

АДИ рейтингісіндегі Қазақстанның орнын БҰҰДБ сарапшылары өңірдегі АДИ өсімінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі деп бағалады - соңғы 10 жылда орта есеппен алғанда 0,84 пайыз, бұл Қазақстанның әлеуметтік саласындағы жүргізілетін саясаттың тиімділігін көрсетеді.

БҰҰ Даму бағдарламасы 2014 жылдың 24 шілдесінде 187 ел мен аумақты қамтыған 2013 жылдың қорытындысы бойынша Адам дамуы туралы жыл сайынғы кезекті баяндамасында Адам дамуының индексі нәтижесін жариялады.

Қазақстан Ресеймен, Белорусьпен, Украинамен бір топта. Орталық Азияның қалған елдері мынадай орындарда: Түрікменстан -103, Өзбекстан - 116, Қырғызстан - 125, Тәжікстан - 133.

«2014 жылғы баяндама тақырыбы әлсіздікті азайту мен өмір сүру қабілеттілігін арттыру арқылы адамзаттың тұрақты прогресін қамтамасыз етуге арналған», деп атап өтілген хабарламада.

Рейтингтің көш басында әдеттегідей Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды және АҚШ. Сонымен қатар, Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы мен Нигер де алдыңғы орындарда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары