$ 494.87  520.65  4.91

Баян Есентаеваны күйеуі қызғаныштан өлтірмек болған

Бүгін танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуін Талғар аудандық соты екі айға қамауға алғандығы белгілі. Күдікті өз әйелін өлтіруге оқталған деп айыпталуда. Анасын өлім аузынан қызы Айсәуле алып қалған деп жазады Informburo.kz. Оқиғаның қалай болғандығы бүгінгі сот отырысында айтылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 10 маусым күні Бақытбек Есентаев әйелін Алматы әуежайынан күтіп алып, Алматы облысына бет алған. Chevrolet Cruz көлігінде бұл екеуінен өзге Бақытбектің жиен інісі болыпты. Жол үстінде ерлі-зайыптылар ұрысып, арты төбелеске ұласқан. Көкпек-Көктал тас жолында жанармай бекетіне қарама-қарсы бетте Б.Есентаев көлікті тоқтатып, жиенін көліктен түсіріп жіберген және көліктің есіктерін іштен құлыптап, әйелін сабай бастапты. Басты себеп - қызғаныш.

Б.Есентаевтың жиені дереу Баянның қызы Айсәулеге хабарласып, болған жайтты айтып берген. Оқиға орнына жеткен бойжеткен ата-аналарын ажыратып үлгеріпті. Дегенмен, бұл уақытқа дейін продюсер басынан ауыр соққылар және ішінен пышақ жарақатын алған.

Дәрігерлер болса Баян Есентаеваға үшінші ота жасайтындарын айтып отыр. Оның миы шайқалып, біраз қан жоғалтқан. Бақытбек Есентаев болса 10 тамызға дейін қамауда болады. Одан кейінгі тағдырын сот шешпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары