$ 498.34  519.72  4.85

Жамбылдық полицейлер Тараздағы атыстың қалай болғанын айтып берді

Оқиға 19 маусым күні орын алған болатын. Суық қаруланған белгісіз ер азамат полиция сержанты Бекжан Тіленшиевті атып, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген еді. Ауыр жараланған тәртіп сақшысы әліге дейін ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Бүгін Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.

«19 маусым күні сағат 16:30 шамасында қаланың 6-шы шағынауданын кезекті бақылау кезінде Тараз қалалық ІІБ ЖПП қызметкері, полиция сержанты Бекжан Тіленшиев атыстың дауысын естіп, суық қаруланған күдіктінің соңына түскен. Күдікті азамат бұл уақытта көпқабатты үйдің подъезіне кіріп үлгеріпті. Осы уақытта оқиға орнына жақын маңайда аға лейтенант Данияр Заурбек жұмыс бабымен жүрген. Ол әріптесінің күдіктіні қуып бара жатқанын көріп, арттарынан өзі де ілесе қуады. Күдікті қашып кірген үйге келгенде ол Б.Тіленшиевтің бірнеше жерінен жараланып жатқанын анықтап, дереу жедел-жәрдемге хабар берген», - делінген баспасөз қызметін таратқан хабарламада.

Д.Заурбек жоғарғы қабаттардың бірінде жасырынып тұрған күдіктіні атып, қарусыздандырыпты. Оқиға орнына келіп жеткен қосымша күш оны ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары