$ 498.34  519.72  4.85

Өз үйін жарып жібермек болған Ә.Мейрамов Елбасыға үндеу жариялады (ВИДЕО)

Астананың орталық көшелерінің бірінде орналасқан ескі үйі үшін жергілікті билік өкілдерімен жанталаса талас жүргізіп келе жатқан Әділбек Мейрамов ҚР Президентіне бейнеүндеу жолдады. Ол Елбасынан шенеуніктер тарапынан жасалып жатқан былықты тоқтатуын сұрап отыр.

Естеріңізге салайық, 24 маусым күні Әділбек Мейрамов өзі тұратын үйді жарамын деп, жергілікті билік өкілдерін аяққа тік тұрғызған еді. Өйткені, сот оның баспанасын мемлекетке қайтару керек деп шешіп, төрт баласы мен аяғы ауыр әйелін далада қалдырмақ болған. Әкімдік тарапынан төленетін 2 миллион 300 теңге өтемақыға басқа үй түгілі Астананың іргесінен де бір телім жер келмейді.

Сот шешімімен Мейрамовтардың үйі бұзылуы тиіс. Әкімдіктегілер оның орнына өзге ғимарат емес, жол салатынын айтып ант-су ішіп отыр. Бірақ, үй иесі мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, аталған баспана Әділбекке әкесінен қалған. Меншіктің 70 пайызы да өзіне тиесілі. Ал, қалған 30 пайызы өзге туысының иелігінде екен. Дәл сол туысының келісімінен кейін сот үйді бұзуға шешім шығарыпты.

Соттың осынау шешімін бұзу үшін Әділбек Мейрамовтың тоздырмаған табалдырығы жоқ. Ол аталған шешімнің заңсыз екенін дәлелдеумен әлек. Тіпті, Жоғарғы сотқа дейін барып, апелляциялық сотта жеңіске жетіпті. Бірақ, Астананың аудандық соты өз дегенінен қайтпай отыр.

«Дәл қазір менің отбасымның тағдыры шешілгелі отыр. Мен 42 жастамын, төрт балам бар, әйелімнің аяғы бесінші балаға ауыр. Бұдан өзге барар жерім жоқ, сондықтан ешқайда кетпеймін. Мейлі, жұмысшылар келіп, үйді бұзуға тырысып көрсін, олармен басқаша сөйлесемін», — деді Мейрамов 25 маусым күні тілшілерге берген сұхбатында.

Ал, Елбасыға жасаған үндеуінде ол әкімдік тарапынан арнайы комиссия құрылып, оның мәселесін әділ шешіп беруін талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары