$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында лаңкес өзін жарып жіберді

Қарағанды облысында лаңестерді ұстау операциясы барысында содырлардың бірі өзін жарып жіберген. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

"26 маусым күні Балқаш қаласы мен Гүлшат елдімекенінде діни радикалды топтардың бар екені анықталып, ұстау операциясы жүргізілді. Олар қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдалану арқылы лаңкестік әрекеттер жасамақ болған", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Анықталғандай, ұстау кезінде Гүлшат елдімекеніндегі содырлардың бірі өзін жарып жіберген. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.

"Өзге қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Топтың өзге мүшелері ұсталды. Олардан жарылғыш зат дайындауға арналған заттар, суық қару-жарақ және өзге де заттай айғақтар табылды. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейіні тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары