$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жыл басынан бері 320 сәби шетінеген

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 320 сәби қайтыс болған. Ал, ана өліміне байланысты 8 жағдай тіркеліпті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сейітжамал Пакеев хабарлады деп жазады Otyrar.kz.

Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шалғай аудандарда орын алған. Мамандар мұның себебін кадр тапшылығымен байланыстырады. Басқарма басшысының айтуынша, ауылды жердегі дәрігер тапшылығының салдарынан күніне екі-үш рет облыс орталығынан санавиациялық қызметпен мамандар жіберіледі.

Сейітжамал Пакеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Былтырмен салыстырғанда бала өлімі 26 жағдайға азайды. Дегенмен ана өліміне байланысты жағдай тұрақсыз. Санавиация қызметімен жағдайы ауыр жүкті әйелдерге көмек көрсету мақсатында жоғары білікті мамандарды аудандарға күнделікті жіберуге мәжбүрміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары