$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Ресейге 63 мың га жерін жалға беретін болды

Бұл жерге Байқоңырдан ұшқан «Союз» зымырандарының қалдықтары құлайтын болады. Ол үшін Ресей Федерациясы Қазақстанға жыл сайын 460 мың доллар ақы төлеп отырмақ. Бұл туралы еліміздің Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау «Наш Костанай» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей тарапы қанша зымыран ұшырғысы келсе де өз еріктері.

«Мәселе зымыран қалдықтарының құлау траекториясының өзгеруінде. Яғни, бұрын олар Жезқазған аумағына құлап келген болса, енді Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданы және Қостанай облысындағы Жангелді аудандарының аумағына құлайтын болады. Барлығы 63 мың гектар жер бөлініп отыр: 22 мыңы Ақтөбе облысында, 41 мыңы Қостанай облысында орналасқан», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Ресей төлеген қаражат бюджетке түсіп, кейін сол зымыран құлайтын аумақта тұратын тұрғындардың әлеуметтік проблемаларын шешуге жұмсалатын болады.

Естеріңізге салайық, осыдан үш жыл бұрын Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыраны апатқа ұшырап, салдарынан Қазақстан территориясына мыңдаған тонна улы гептил төгілген болатын. Араға бір жыл салмай белгісіз себептермен 140 мыңдай киік қырылып қалды. Қоғам белсенділері, экологтар табиғи апаттың гептилден болғанын айтып дабыл қақса да, билік өкілдері улы заттың табиғатқа мүлдем залалы жоқ екенін айтып, халықты жұбатып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары