$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда лаңкестер дайындап, Сирияға жіберген содыр небәрі 6,5 жылға сотталды

Сирияға барып соғысқанымен қоймай, Қазақстанға келіп лаңкестер дайындаған азамат небәрі 6,5 жылға ғана бас бостандығынан айрылды. Таяу Шығыста "Әбу Жиһад" деген лақап ат алған содыр Шам шаһарына емін-еркін барып келген. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

Дәстүрлі емес ислам бағыттарының бірін ұстанған лаңкес "Әбу Дауд" деген топтың құрамына еніп, Сирия үкіметіне қарсы соғысқан. Белгілі бір миссиясын орындап біткен соң оны топ жетекшілері Қазақстанға қайта жіберіпті. Мұнда Әбу Жиһад өзінің Д. есімді танысын және өзге де азаматтарды Сирияға барып соғысуға, Қазақстандағы үйлерін сатуға көндірген.

Алматы аудандық соты ер азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 1-тармағы (лаңкестік әрекет жасау үшін адамдарды дайындау), 287-бабы 3-тармағы (суық қару, жарылғыш зат және оқ дәрілерді заңсыз сақтау, алу, тасымалдау), 233-бабы 2-тармағы (лаңкестік топ құру және оған мүше болу) бойынша айыпты деп таныған және 6,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары